Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сот жала жапты деген журналист Динара Бекболаеваны ақтап шықты

3 мамыр 2018

3 мамырда Шымкент қаласының Абай аудандық соты журналист Динара Бекболаеваны ақтап шықты. Оны жала жапты деп айыптаған болатын. Журналистің үстінен қылмыстық іс ашуға «ОҚО әкімдігіҒабидұлла Абдрахымовқатроллинг жасағаны үшін ақша төлеген бе?» атты мақаласы себеп болған, мақала 2017 жылы 14 қарашада «Ratel.kz» сайтында жарияланған.

Жеке шағымды сотқа «Мемлекет Туы» атты Жастар одағы» Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйін Абұлдаев берген болатын. Ол: бұл мақалада жала жабатын ақпарат бар деп санаған. Абұлдаевтың айтуынша, осы материал оның беделіне нұқсан келтіріп, қала мен облыс әкімдерімен арадағы жағдайды шиеленістіріп, көпшілік алдында оның ар-намысына тиген көрінеді...

Сот бірақ бұл істе қылмыстың құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Мемлекеттік сараптама мен тәуелсіз маманның қорытындысы да мақалада «жәбірленушінің» ар-намысына тиетін және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің жоқ екенін растады.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз