Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ ЕСКЕРТУ МЕ?

9 мамыр 2018

Павл Гусевтің фейсбуктегі постына Вадим Борейко осындай тақырып қойып, перепост жасады: 

Бейсенбі күні, 10 мамырда сағат 16.30-да Медеу аудандық сотында Ratel.kz порталының жабылып қалуына орай кезекті сот процесі өтеді.

 

Қазақ желілік ақпарат орталығының директоры Павел Гусев (Pavel Gussev) 8-інен 9-шы мамырға қараған түні өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды:

 

«Бүгін, яғни 09.05.2018 жылы шамамен 0 сағат 30 минутта Алматының Гоголь – Панфилов көшелерінің қиылысында біреулер маған пышақпен шабуыл жасады. Ешқандай себепсіз. Егер мен Ratel.kz ісі бойынша арнайы техникалық білімі бар маман ретінде сотқа қатысып жүргенімді ескерсек, онда бұл шабуыл кездейсоқтық емес. Оның үстіне жаяу жүргінші жолағы аймағында бейнекамералар толып тұр. Полиция оқиға орнына тез жетті. Алайда олар қаскүнемдерді ұстаудың орнына, мені туысыммен бірге Алмалы АІІБ-ге (РОВД) апарып, телефоным жоғалғаны туралы арыз қабылдады. Бар болғаны осы.     

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз