Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Аңыз адам» журналының тілшісі Шәріп Құрақбаев митинг туралы хабар таратайын деген кезде қамауға алынды

10 мамыр 2018

10 мамырда сағат 11-де «Аңыз адам» журналының тілшісі Шәріп Құрақбаев Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрына «Саяси тұтқындары азаптауды тоқтату және оларды босатуды талап еткен», бірақ рұқсат берілмеген митинг туралы хабар тарату үшін келген болатын. 

Митинг басталмай жатып,журналискеполиция қызметкерлері келеді. Ш.Құрақбаев оларға өзінің қызмет куәлігі мен редакциялық тапсырманы көрсетеді. Бірақ, соған қарамастан, бірнеше ондаған адамдармен бірге оны да Алмалы аудандық ІІБ-ге алып кетеді. Қамауға алынған адамдардың бәрінің жеке мәліметтерін жазып алып, бірақ оларға ешқандай талаптар қоймай, босатып жібереді. Ал құжаттары жоқ адамдарды – олардың жеке бас мәліметтерін анықатағанша аудандық ІІБ-де алып қалды.

«Әділ сөздің» ТҮСІНІКТЕМЕСІ: 

Еске саламыз, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңының 20-бабына сәйкес, «журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға құқы бар».

Ал полиция қызметкерлері журналистің жеке бас мәліметін анықтағысы келсе, ол оған өзінің куәлігі мен редакциялық тапсырмасын көрсетеді. Полиция оны неге тұтқындады? Полиция қызметкерлері тұтқындау себебін түсіндірмеген, сонда олар нені білгісі келді? Нәтижесінде, журналист өзінің кәсіби жұмысын атқара алмады, яғни ол осы акция туралы ақпарат дер кезінде жинай алмады және оқырмандардың ақпарат алу құқығы шектелді.

Айтпақшы, журналистің заңды жұмысына қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК-ның 158-ббы 2-тармағы), атап айтқанда, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығын айыруға жазаланады және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, жазаланады. 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз