Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Шымкентте «Ratel.kz» порталының меншікті тілшісі Динара Бекболаеваның үстінен сот өтіп жатыр

25 сәуір 2018

Журналист «ОҚО әкімдігіҒабидұлла Абдрахымовқатроллинг жасағаны үшін ақша төлеген бе?» атты талдау мақаласын жазып, оны 2017 жылы 14 қарашада «Ratel.kz» сайтында орналастырғаны үшінбас бостандығынан айырылуы мүмкін.Азаматтық белсенді Сүйін Абұлдаев журналисті «жала жаптың» деп айыптап отыр (ҚР ҚК 130-бап 2-тармақ).

Динара Бекболаева «Мемлекет Туы» атты Жастар одағы» Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйін Абұлдаев жастарды патриоттыққа тәрбиелеу үшін ОҚО Ішкі саясат басқармасы өткізген тендерден 2 миллион 350 мың теңге ұтып алғаны туралы жазған.

Журналист мемлекеттік тапсырыс қалай орындалғанын білуге тырысқан. Алайда бюджеттен бөлінген ақшаның тағдырын білу мүмкін болмады. Біріншіден, тендерді ұтқан қоғамдық бірлестіктің өз сайты жоқ болып шықты және ол патриоттық сипатта қандай көпшілік шаралар өткізгені туралы, ең болмаса, интернет арқылы есеп бермегені анықталды. (Мақала жазылған кезде мемлекеттік тапсырыс аяқталуға жақын қалған). Екіншіден, тендерді ұтқан ұйым, әдетте, атқарған жұмыстары туралы актіні ОҚО Ішкі саясат басқармасына тапсырады, алайда БАҚ-тар оны ала алмайды екен, себебі облыстық әкімдікте ондай мәліметтерді коммерциялық құпия санап, жариялаудан бас тартқан. Мақалада журналист, сондай-ақ, басты кейіпкердің өзі және оның қызметі туралы қысқаша сипаттама берген.   

Ал 2018 жылы 2 наурызда Сүйін Абұлдаев сотқа арыз түсіреді. Белсенді бірақ қандай мәліметтерді «жала жапты» деп санайтынын көрсетпеген.

Атап өтейік, бұл – соңғы екі айда «Ratel.kz» тілшілерін сотқа берген екінші оқиға. Бірінші сот Павлодар қаласында Жәмила Маричеваның мақаласы бойынша өтті. Ол сотта қарапайым шенеуніктің әйелі шетелге барып-келіп жүрген сапарлары туралы берген ақпаратты «жеке бастың құпиясы» деп танып, әйелдің моральдық залалының өтемақысы ретінде журналисті 200 мың теңге төлеп беруге міндеттеген. 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз