Алматыда КТК операторы Олжас Белгібаев жоғалып кетті
21 сәуірде түстен кейін КТК телеарнасының операторы Белгібаев Олжас үйінен шығып кеткен болатын, содан кейін ол үйіне де оралмады, жұмысқа да келген жоқ.
Алаңдаған туыстары мен достары полицияға хабарлады. Олжас Белгібаевтың әкесі полицияға арыз беріп қойғандарын айтты. Іздеу шаралары бес күн бойы жүріп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Таныстарының айтуынша, оны соңғы рет «Алмагүл» ықшам ауданында көрген. Ол сенбі күні кешке тұрым «киноға барам» деп үйден шығып кеткен, содан кейін үйіне қайта оралмаған. Олжастың телефоны өшірулі, желіде соңғы рет сенбіден жексенбіге қараған түні болған.
Олжастың достары мен туыстары: егер кімде кім ол туралы қандайда бір ақпаратты білсе, мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 747 101 0294; 8 775 674 6331.