Бас прокуратура «Ratel.kz» және «Forbes Kazakhstan» ісіне байланысты азаматтардың өтішіне жауап берді
16 сәуірде «Әділ сөз» қоры «Ratel.kz» мен «Forbes.kz» басылымына қатысты күштік және сот органдары құрылымдары қолданған іс-әрекеттерге құқықтық баға беруді сұрап, төрт мекемеге 358 азаматтың Үндеуін ресми түрде жолдаған болатын және журналистерді негізсіз айыптаулардан қорғап, қоғамның осы БАҚ-тардан ақпарат алып тұратын заңды құқығын қалпына келтіруді сұраған (http://www.adilsoz.kz/news/show/id/2586).
Бірінші болып Бас прокуратура жауап берді (жауаптың сканы төменде). Біз күткендей, ол біздің өтінішімізді қалалық прокурорға жіберіпті. Енді Жүйріктаев мырза не істейтінін тосамыз. Сонымен бірге басқа үш мекеме де бізге жауап берер деп үміттенеміз. Олар: Жоғарғы сот төрағасы, Парламент Мәжілісі төрағасы, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникаций министрі.