Жала жабу істері бойынша үкімдердің 89% - ақтайтын үкімдер
«Әділ сөз» қорының «Жала жабу айыбы бойынша қанша қылмыстық іс қозғалды?» деген сауалына ҚР Баспрокуратураның Құқықтықстатистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті бізге қызық статистиканы хабарлады.
Өткен екі жылда жала жабу айыбы бойынша 1314 сот өтіпті. Өз сөзі үшін 2000 адам істі болған. Сот үкімі бойынша жала жапты деп 93 адам танылған. Алайда журналистерді «жала жапқандарың үшін сотқа берем!» деп қоқан-лоқы жасау оқиғаларын Құқықтық статистика комитеті есепке алмайтын көрінеді.
Айтпақшы, ар-намысты қорғауды талап еткен азаматтық сот істері әлдеқайда көп. Осыдан кейін мынандай сұрақ туындайды: БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттен бастап, осы салада жұмыс істейтін басқа да ұйымдардың «жала жабуды қылмыс деп танымауды» сұрап жүрген кеңестеріне Қазақстан неге неге құлақ аспай келеді?
Бұған қосымша сұрақ: 516 жала жабу істері – Комитет айтып отырған жалпы статистиканың бір пайызының оннан бір, жүзден бір бөлігін дәл осы ақтау үкімдерін құрап отырған жоқ па?