Сот журналист Серікжан Мәулетбайдың дұрыстығын мойындады
Арыз берушінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылған жоқ, алайда ол апелляциялық сатыда шағымда алады.
Еске салайық, талапкерлер 2016 жылы жарияланған «Турфирмалар заңды бұзбай-ақ, аңқау туристерді қалай алдайды» деген мақалаға орай арыз берген болатын. Талапкер өкілі сотта: мақала Art Asia компаниясы мен оның серіктесі Luxurious-Tours LP компаниясына арналған дегенге басымдық жасады. Талапкерлердің ойынша, мақаланың мазмұнында және оған берілген түсініктерде жалған ақпарат беріліп, компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтірген, сондай-ақ материалдық зиян әкелген. Мақаланы оқыған клиенттер бұларға келіп, шартты бұзып, ақшаларын қайтаруды талап еткен-мыс. Турфирма енді басылымнан мақала мәтінінен туркомпанияның атын және фирманың беделіне нұқсан келтіретін сөздер мен мәліметтерді алып тастауды, сонымен бірге компания ұсынған теріске шығару мәтінін жариялауды талап етіп отыр.
Жауапкер сотта өзі жазған материалда турфирмның қызметін пайдаланған қазақстандықтардың бастан кешкен оқиғалары ғана баяндалғанын дәлелдеді, яғни турфирма таймшер (туристік бизнесте жылжымайтын мүлікті бірлесіп иелену, оны ақшалай жарнаға қарай белгілі бір уақыт бойына пайдалану мүмкіндігін беру) принципімен демалуды ұсынған. Журналист оның үстіне мақаланы жазған кезде ашық көздерде жарияланған сот материалдарын пайдаланғанын, атап айтқанда, мәліметтерді sud.gov.kz сайтынан алған. Бұдан тыс, мақалада білікті сарапшылардың пікірлері берілген.