Аздап шатастырып алған соң, бұғаттап тастаған. Әлде?..
Ресей сайты «Свободная пресса» ҚР Ақпарат жәнекоммуникациялар министрлігі (АКМ) мен ҚР-дың Ресейдегі елшісінен Қазақстан аумағында svpressa.ru сайтын бұғаттаудың себебін анықтауды сұрап мақала жариялаған.
Мақалада ҚР территориясында аталмыш сайтқа кіру қиын екені айтылып, сайттың редакциясы «Қазақтелеком» АҚ-дан түсініктеме беруді сұраған. Жауапта: «svpressa.ru» ресурсының IP адресі (...) ҚР АКМ-ның «Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» РГУ-дың 16.02.2017 № 16−7/390-И бұйрығымен бұғатталған «pornoshik.ru» ресурсымен сәйкес келгендіктен» деп көрсетілген.
«Свободная пресса» сайтының иелері анықтағандай, «Қазақтелекомның» жауабында көрсетілген IP адрестің Ресей басылымы серверіне еш қатысы жоқ. Себебі ол сайт Нидерландыда, Оңтүстік Голландияның Кримпен-ан-ден-Эйссел қаласында орналасқан, сондықтан олардың «сәйкес келуі» мүлдем мүмкін емес. Бұдан тыс, Ресейде де pornoshik.ru сайты баяғыдан бері бұғаттаулы, алайда оның «Свободной пресса» сайтына кіруге ешбір ықпалы болған жоқ.
Svpressa.ru әкімшілігінің айтуынша, бұл ресурстың Қазақстан аумағында шектелуінің себебі – сайт ҚР саясаты туралы сыни мақалалар жазғаны үшін шектелуі мүмкін екен.