ЕҚЫҰ-ның БАҚ мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир Ratel.kz мен Forbes Kazakhstan-ға қатысты мәлімдеме жасады
ВЕНА, 5 сәуір 2018 ж. – ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі ӨкіліАрлем Дезир бүгін Қазақстандағы Ratel.kz мен Forbes Kazakhstanжурналистері мен редакторларын тұтқындауын жәнеRatel.kz веб-парақшаларын бұғаттауын қатты сынға алды.
«Жаңалықтар онлайн-ресурсын бұғаттау – сөз бостандығын жөнсіз шектеу болып табылады». Кәсіпкер мен басылым арасында туындаған даудан кейін журналистерді қамауға алу және олардың үйлері мен офистерде тінту жүргізу – бұл қорқыту актісі, - деді Дезир. «Бұл – Қазақстандағы БАҚ бостандығына зиян келтіретін өте қауіпті оқиға».
«Мен Сенаттың Халықаралық байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің Төрағасы Дариға Нзарбаеваның осы жағдайға орай тез арада өз ойын білдіріп, бұл істі әділ де ашық тергеуді талап етуін оң бағалаймын, алайда веб-сайттың әлі бұғатталып отырғаны және тергеуде жүрген журналистерден жарияламау туралы қолхат алғаны – бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына зиян тигізеді», - деді Дезир.
Хабарларға сәйкес, қос басылымның үстінен Қазақстан Қылмыстық кодексінің «көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату» деп аталатын 274-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Халықаралық ұйымдар мен Қазақстанның азаматтық қоғамы: бұл бапты Қылмыстық кодекске кіргізу – журналистік зерттеулер жүргізетін журналистерді, әсіресе жемқорлық қылмыстарға қатысты істер жайлы жазатын журналистерді осы баппен қылмыстық қудалау ұйымдастыруы үшін пайдалануы мүмкін екендігі туралы айтып, қатты сынға алған болатын.
2015 жылы ЕҚЫҰ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы жөніндегі өкілі журналистерді мақалалары үшін тұтқынға алуға болмайды деп, 274-бапты теріс пайдалану қауіпі бар екенін айтып, билікке ескерткен еді.
2018 жылы 31 наурызда Алматы қаласының Медеу аудандық соты Ratel.kz домендік атты пайдалануға және бас редакторға жаңалықтар веб-сайтының атымен ақпараттық материалдар жариялауға тыйым салды. Екі редакцияда және бірнеше қызметкердің үйінде тінту жүргізілгеннен кейін ForbesKazakhstan журналисі Александр Воротиловты, ал Ratel.kz-дан Марат Әсіповты, Сапа Мекебаевты және Анна Калашникованы қамауға алған, бірақ артынан оларды босатқан.
ЕҚЫҰ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы жөніндегі өкілі ЕҚЫҰ-ға мүше 57 мемлекеттің бәріндегі БАҚ-тардың жағдайын бақылап отырады. Ол сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы бұзылған жағдайда алдын ала ескерту жасап, сол мемлекеттің ЕҚЫҰ алдында БАҚ бостандығына қатысты өзіне алған міндеттемелерін толық орындалуын қадағалайды.