АРТИКЛЬ 19 – Қазақстан үкіметін Ratel.kz журналистері Марат Әсіповтен, Сапа Мекебаевтан және Анна Калашниковадан барлық айыптарды алып тасауға шақырады
2018 жылы 2 сәуірде мемлекеттік органдар Қазақстандағы Ratel.kz сайты редакциясы ғимаратында тінту әркеттерін жүргізіп, содан кейін бас редактор Марат Әсіповті, бас редактордың орынбасары Сапа Мекебаевты және шолушы Анна Калашникованы Ratel.kz сайтының Алматыдағы офисінде қамауға алды. Оларды босатудан бұрын, бәрін тергеген. Журналистер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша айыпталып отыр («Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату»). Тінту кезінде компьютерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құжаттары тәркіленген. Осымен бір уақыттаForbes Kazakhstan офисінде де тінту жүргізіліп, журналист Александр Воротилов тұтқынға алынған, бірақ ол артынан босатылды.
Ratel.kz өзінің журналистік зерттеулерімен танымал вебсайт және бұл сайт бұрынғы қаржы министрі, қазіргі бизнесмен Зейнұлла Кәкімжанов пен оның ұлы Ильхалид Кәкімжановтың жемқорлық істерге қатысы болуы мүмкіндігін де тексерген болатын. Осы аптада жүргізілген тінту – Кәкімжановтардың іс-әрекеттеріне журналистік зерттеулер жүргізіп келген сыни мақалалар топтамасын тоқтатудың соңғы нүктесі болды. Өткен жылдың 4 сәуірінде алматылық сот Ratel.kz мен Forbes Kazakhstan Кәкімжановтарға келтірген моральдық зиянның өтемақысы ретінде 50,200,000 қазақстандық теңге (160 000 мың АҚШ доллары шамасында) төлеуге тиіс деген шешім шығарған.
Өткен аптада, яғни 2018 жылдың 30 наурызында Алматы қаласының Медеу аудандық соты Ratel.kz талдау интернет-порталының тіркеуге тұру туралы куәлігінің күші жойылды деп танып, оның шығуына және «Ratel.kz», «Balborsyk.kz» домендік аттарды пайдалануға тыйым салды. Ratel.kz сайты 2018 жылы 19 наурызда бұғатталды. Сайт алғашында Ratel.kz-ның тең құрылтайшысы және журналисі Геннадий Бендицкийдің атына тіркелген болатын. Ол 2017 жылы 3 желтоқсанда ауыр сырқаттан қайтыс болды. 2018 жылы 26 наурызда Геннадий Бендицкийдің ұлы Олег сайтты өз атына қайта тіркеді. 4 сәуірде Ratel.kz сайтының Facebook-тегі екі парақшасы және 31 наурызда басылымының баламалы сайты ретінде тіркелген Wildratel.com порталы да бұғатталды. Ratel.kz сайтының азаматтық ісі бойынша алдын ала тыңдаулар 2018 жылдың 5 сәуіріне Алматы қаласында сағат 15:00-де өтеді деп белгіленді.
Халықаралық қауымдастық пен азаматтық қоғам ұйымдарының жала жабуды қылмыс деп танымауға қаншама күш салғанына қарамастан, Қазақстан Қылмыстық кодексінде бұрынғыдай жала жабу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жала жапқаны үшін өте қатал жаза көзделген, соның ішінде жүздеген мың долларға дейін айыппұл салу жазасы да бар. ҚР ҚК-ның 274-бабының бұлыңғыр жазылуының кесірінен кез келген адамды өз пікірін білдіргені үшін жауапқа тартуға болады. Әдетте, мұндай жағдай үкіметті сынайтындарды қорқыту мен қудалау үшін жиі қолданылып жүр, нәтижесінде сөз бостандығы зардап шегуде.
АРТИКЛЬ 19 Әсіповті, Мекебаевты және Калашникованы дереу босатып, Ratel.kz сайтын және онымен байланысты домендік аттарды, әлеуметтік желілердегі парақшаларды бұғаттаудан босатуға үндейді.