Сот «Ratel.kz» парақшасын фейсбукте шығаруға тыйым салды
4 сәуір 2018
«Ratel.kz» журналисі Вадим Борейко былай деп хабарлады: «Қазір ғана Сапа
Мекебаев телефон соқты. Ол тергеуге бара жатып, соттың қосымша шешім
шығарып, Ratel.kz талдау порталының парақшасын фейсбукте шығаруға
тыйым салғанын жеткізді».
«Ratel.kz» порталына қатысты азаматтық істі алдын ала қарау отырысы
ертең, яғни 5 суірде сағат 15.00-де Алматы қаласының Медеу аудандық
сотында өтеді.