Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Ratel.kz» бұғатталды. Forbes.kz және Ratel.kz офистерінде тінту жүріп жатыр

2 сәуір 2018

30 наурызда Алматы қаласының Медеу аудандық соты осы ауданның прокурорасынан түскен:Ratel.kz талдау интернет-порталының тіркеуге тұру туралы куәлігінің күшін жоюды және оның шығуын тоқтатуды, сондай-ақ «Ratel.kz» және «Balborsyk.kz» домендік аттармен пайдалануға тыйым салуды сұраған талап-арызын қарауға қабылдады. Прокурор, сонымен бірге, «Ratel.kz» сайтының бас редакторы Марат Әсіповті бұдан былай ақпараттықматериалдарды «Ratel.kz» және «Balborsyk.kz» интернет порталының атынан таратуға тыйым салуды сұраған.

Прокурор өзінің талап арызының орындалуын қамтамасыз ету үшін Ratel-ді кез келген домендік атпен шығаруға да тыйым салуды сұрап отыр. 30 наурызда судья Г.Р. Бейсенова прокурордың өтініштерін қанағаттандырды.

Соттың шешімімен басылымның бұғатталғанын редакция жұма күні кешісін ғана, яғни 30 наурызда білді, бірақ журналистер талап-арызды әлі алған жоқ, басылымды бұғаттау туралы шешім қабылдаған сотқа да редакцияны ешкім шақырған жоқ.

5 сәуірде соттың алдын ала тыңдауларға арналған отырысы өтеді. Ал 2 сәуірде ForbesKazakhstan және Ratel.kz офистерінде тінтулер жүрді. Алайда тінту ненің негізінде жүргізілгені белгісіз.

Еске сала кетейік:  

2017 жылы 4 сәуірде сот Ratel.kz, Forbes.kz және В. Процентов бұрынғы ҚР қаржы және мемлекеттік кіріс министрі Зейнулла Кәкімжановқа және оның ұлы Ильхалид Кәкімжановқа моральдық залалды өтеу үшін 50 млн. 200 мың теңге төлеп беруге шешім шығарған;

2018 жылы 19 наурызда «Ratel.kz ақпараттық ресурстың домендік атауын тіркеген адамның байланыс деректері күшін жойғандықтан» сайт бұғатталған болатын (Ratel.kz домені Геннадий Бендицкийдің атына тіркелген еді. Журналист ауыр сырқаттан 2017 жылы 3 желтоқсанда қайтыс болды);

2018 жылы 26 наурызда Геннадий Бендицкийдің ұлы Олег Ratel.kz доменін өз атына қайта тіркеді.




Өз сұрағыңызды қойыңыз