Жәмила Маричеваның соты жабық режимде өтеді
29 наурыздаПавлодар қалалық сотындаӘсел Айдашеваныңпавлодарлық журналист Жәмила Маричеваға қойған талап-арызы бойынша сот басталды, арызда: «менің дербес деректерімді сақтау құқымды бұзыды (арызда дәл солай жазылған) және мені суретке түсіруге рұқсат сұру құқығым, сондай-ақ жеке өміріме қол сұқпау құқығым бұзылды» деп, моральдық залалды өндіріп беруді талап еткен.
Павлодар қалалық сотының судьясы Ажар Баймухамбетова БАҚ өкілдеріне – қоғам назарына іліккен процеске қатысуға тыйым салды. Оған талапкер өкілінің Әсел Айдашеваның дербес деректерін қорғауды сұраған өтініші негіз болған. Журналист Маричева баспасөз өкілдерінің қатысуына қарсы болған жоқ, өйткені журналисті сотқа беруге – танымал ratel.kz сайтында жарияланған екі мақала себеп болғандықтан және ол мақалаларды 30 мыңнан астам адам оқып қойғандықтан, одан құпия жасауға еш негіз жоқ екенін айтты.
Еске сала кетейік, 1-ші және 8-ші ақпанда ratel.kz порталында журналист Жәмила Маричеваның «Спорт шенеунігінің әйелі Рим мен Парижге қалай ұшып барды» және «Спорт шенеунігінің әйелі Рим мен Парижге қалай ұшып барды-2» мақалалары жарық көрді. Ол мақалаларда Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісі Марат Адашевтың жары Әсел Айдашеваның шетелдік сапарлары туралы айтылған. Оған Айдашеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасындағы көптеген фотосуреттер негіз болған. Ол аккаунттың мыңнан аса жазылушылары бар екен. Алайда тек таза жалақыға өмір сүретін Айдашеваның күйеуі – портал редакциясының сауалына: «мен де, әйелім де шетелдерге шығып саяхаттамаймыз» деп жауап берген.
Ақпан айының аяғында Әсел Айдашева Павлодар қалалық сотына: дербес деректерімді сақтау құқығым бұзылды, сондай-ақ суретке түсіруге рұқсат сұру құқығымды және жеке өміріме қол сұқпау құқығым бұзылды деп, моральдық залалды өндіріп беруді сұрап, арыз түсірген. Шенеуніктің әйелі: «Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтты күйеуіме де айтпай, тек өзімнің достарым үшін жалған атпен ашқанмын және жұбайым онда жарияланған фотосуреттер туралы білмейді» деді.
Осылайша Айдашева ratel.kz порталының тілшісін – өзінің жеке өміріне қатысты деректерді және көпшілікке арналмаған фотосуреттерді өзінен рұқсат сұрамай жариялағаны үшін сотқа берген. Енді шенеуніктің әйелі: «біздің отбасылық өмірімізге ажырасу қауіпі төніп тұр және туыстарымның маған деген қарым-қатынасы өзгерді, ал балаларым менің фотосуреттерім жарияланғаны үшін ұялып жүр» деп журналисті айыптап отыр.
Егер Айдашеваның арызына сенсек, оның жеке өмірі туралы мәліметтерді жарияланудың кесірінен, ол және оның туыстары өздерін «қорланған, ашулы, мұңды, ызалы, торыққан, жарымжанды, қолайсыз сезімдерді бастан кешіп жүр» екен. Бұдан тыс, осы оқиғадан кейін талапкердің денсаулығы сыр бере бастапты (ұйқысыздық, жоғары қан қысымы). Осының бәрінің нәтижесінде спорт шенеунігінің жары журналисті: менің дербес деректерімді сақтау құқығымды бұзды, сондай-ақ суретке түсіруге рұқсат сұру құқығым мен жеке өміріме қол сұқпау құқығым бұзылды деп Жәмила Маричевадан моральдық залалдың өтемақысы ретінде 1,5 млн теңге және талапкердің өкілеттік шығын ретінде 100 мың теңге төлеп беруді талап етіп отыр.
Тағы бір таң қаларлығы, Әсел Айдашеваны моральдық және физикалық тұрғыдан азап шектірген мақалаларды ол теріске шығаруды және сол мақалаларды сайттан алып тастауды талап етіп отырған жоқ.
«ӘДІЛ СӨЗ» ҚОРЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ:
Бұл оқиғада – талап-арыз бен нақты фактілер арасында қиылыспайтын тұстар бірден көзге ұрып тұр.
Ә. Айдашева ханым өзінің арызында: «asoldomisol»-дың пайдаланушысы кім екенін тек жақын құрбыларым біледі» деп жазған. Біз сол аккаунтқа 2018 жылы 29 наурызда сағат 17.30-да кірсек, оның тіркелген 2 635 жазылушысы бар екеніне көзіміз жетті. Тағы бір қызығы, талапкер екі жарым мыңнан астам жазылушылардың бәрін сотқа әкеліп, оларды «жақын құрбыларым» деп таныстыра ма?!
Талапкер сотта өзінің аккаунты құрылғалы бері жабық болғанын дәлелдей алған жоқ. Мүмкін, оның аккаунты ашық болып келіп, тек журналистің жарияланымдарынан кейін ол оны жауып тастаған шығар. Қазір уақытта аккаунтты бар-жоғы бір жарым секундта жауып тастауға болады.
Дербес деректерге қатысты. Талапкер өзінің арызында қандай жеке мәліметтерді қорғап отырғанын көрсетпеген. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 9-бабы 6-тармағына сәйкес: дербес деректерді жинау, өңдеу – журналис өзінің заңды кәсiптік қызметiн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметін не ғылыми, әдеби немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асырғанда субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі қажет емес.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға соңғы рет өзгерістер енгізген соң, журналистерге адамның суретін таратуға бұрынғыдан көп өкілеттіктер берілген.
Жалпы, дұрыс ойлайтын адам өз суреттерін басқаларға көрсеткісі келмесе, оны оңай істей алады.
Осыдан кейін талапкердің тек ақша талап етіп, бірақ терістеуді басып шығаруды немесе БАҚ сайтынан өзінің фотосуреттерін алып тастауды талап етпегені таң қалдырды.
Сондай-ақ, Ә. Айдашева ханым моральдық азап шеккені үшін бір жарым миллион теңге талап етіп отыр, алайда өзінің моральдық азап шеккенін және тек 1 500 000 теңге ғана сол азаптың орнын толтыратынын дәлелдейтін бірде бір айғақ келтірмеген.