Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Брифингке шақырып алып, оны өткізбейтін болды

20 наурыз 2018

20 наурызда Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің баспасөз орталығы – қалалық полиция бөлімінің жанынан табылған белгісіз өлі әйел туралы ақпарат береміз деп Орал қаласының журналистерін брифингке шақырды.

Келген журналистерге баспасөз хатшысы шығып: «Брифинг өтпейтін болды. Бізге ІІД-ден телефон соғып, ештеңе айтпаңдар деген хабар түсті» деді.

Бұған наразы болған БАҚ өкілдері ІІБ бастығы Айкеновке, БҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Ибрашеваға, БҚО прокурорының орынбасары Цуранковқа, БҚО ІІД баспасөз орталығының жетекшісі Жүсіпқалиевке телефон соға бастады. Журналистер бір сағаттан астам уақыт тосты, бірақ, бәрібір, түсініктеме ала алмады.

Орал журналистерінің пікірінше, соңғы кезде ІІД-мен және ІІБ-мен жұмыс істеу мүмкін болмай кетті. Көп жағдайда, оқиға орын алғаннан кейін үш күннен соң ғана бізге ақапарат береді, бірақ үш күннен соң, ол жаңалық болмай қалады. БАҚ өкілдері олардың бір бірімен келісіп барып қана түсініктеме беретінін тосуға, және содан кейін ғана ол жаңалықты өз оқырмандарына жеткізуге мәжбүр болып жүр. 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз