Шымкентте «араздықты қоздырды» деген күдікпен белгілі блогер Ардақ Әшім қамауға алынды
«15 наурызда таңертең Шымкентте белгілі блогер Ардақ Әшім тұратын үйге 12 адам баса-көктеп кірді дейді», - оның қызы. Олар оны ҚР ҚК-ның 174-бабы бойынша айыптайтын (ұлттық, діни, әлеуметтік араздықты қоздыру) және оның үйінде тінту жүргізуге рұқсат беретін ордерді көрсеткен. Тінту 2 сағат жалғасады. Нәтижесінде, қалта телефонын, ноутбукті және екі компьютерді алып кетеді. Бұдан кейін екі жедел қызметкер Ардақ Әшімді күштеп үйден шығарып, машинаға салып алып кетеді. Қазіргі уақытта ол Шымкент ІІД-де қамауда отыр және тергеуге алынып жатқан болар.
Ардақ Әшім – экономист және ол адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы сияқты өткір мәселелерді көтеріп жүрген танымал блогер. Атап айтсақ, жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымованың жұмыссыздарды «өз күнін өзі көріп жүргендер» (самозанятые)деп, оларға салық төлету керек деген жоспарына орай Ардақтың министрге жолдаған үндеуі ел арасында кең қолдау тауып, танымал болды.