Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Көзді кеңінен жауып қойып»

1 ақпан 2018

1 ақпан 2018 ж.

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінде өткен мәжіліске қатысушылар ұйқымен күресіп отырды. Ұйқымен күрескен қатысушылар туралы материал «Диапазон» сайтында шығып, дәлел ретінде фото келтірілді. Кадрға түсіп қалған кейіпкерлердің біреуі редакцияның үстінен сотқа дейінгі талап түсірді. Газет одан үзінді келтіреді (орфографиясы мен тыныс белгілері сақталған):

«Мен жеке тұлғамын, жекеменшік ұйымда жұмыс істеймін, мемлекеттік қызметкер емеспін, бұл жиналыста (бастапқы бетке ақ кофта киген мені басымдық беріп шығарып қойған), мақалада шенеуніктер тағы да ұйықтап қалды деп көрсетілген... Біріншіден, нақты айтар болсам, мен ұйықтаған жоқпын (жерге түсіп кетпесін деп қолыма қаламсабым мен блокнотымды ұстап, көзімді жұмып қойып тыңдадым, бірақ бұл ҰЙЫҚТАП ОТЫР дегенді білдірмейді), ал журналистер суретке түсіреміз деп еш ескерткен жоқ, мақаладағы ақпарат шындыққа сай келмейді, Екіншіден, бұл мақала менің ар-намысымды, іскерлік беделімді қорлап отыр, сондай-ақ менің суретке түсу құқымды бұзды, себебі мен өзімді суретке түсіруге рұқсат берген жоқпын, бірақ мені ірі планмен көрсеткен, бұл мені тұлға ретінде қорлап отыр, жарияланым шыққалы бері өзіме қатысты біраз мазақ естідім, бұдан тыс, менің өз жұмысыма деген іскерлік сенімімді кетірді, бұл менің жұмысымды жалғастыруыма әсер етуі мүмкін, осы мақала оқырмандар арасында мен туралы теріс пікір қалыптастырады. Менің жеке суретіме қатысты теріске шығаруды 3 күн ішінде жариялауды және менен ресми түрде кешірім сұрайтын мақала жазып, маған 1 000 000 теңге көлемінде моральдық залалдың орнын толтыруды сұраймын, себебі менің анық суретім заңсыз шыққан тек 3 күн ішінде, мені қорлап, намысыма тиіп, мысқылдағандар көп болды, содан мен адамгершілік тұрғыда қатты азап шегіп, денсаулығыма түзелместей зиян келді және мұндай мазақтар әлі қанша жалғасатыны белгісіз. Сотқа дейінгі реттеу тәртібі бойынша егер Сіз менің талаптарымды орындаудан бас тартсаңыз, онда мен сотқа тадап-арыз түсіре алам».

 

 «Әділ сөздің» түсініктемесі:

Төлеуов мырза бекер шу көтеріп отыр. Біріншіден, біздің елде көпшілік шарада ұйықтап немесе көзіңді жұмып отыруға тыйым салатын заң жоқ. Екіншіден, БАҚ туралы заңның 14-бабы 1-1-т. 1-тт. көрсетілген норма бойынша, егер ол көпшілік шара болса, онда журналист ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ, кез келген адамды (ол шенеунік болса да, болмаса да) суретке түсіріп және ол суретті пайдалана алады.

Әдетте мұндай дау оңай шешіледі: көпшілік шараға қатысып отырған адам өзін суретке түсіруге қарсы екенін сөзбен немесе ыммен білдіре алады. Бірақ, егер «көзіңді жұмып отырсаң», әрине, өзіңді суретке түсіруге қарсы екеніңді білдіру қиын-ақ!

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз