Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Виктор Мирошниченконың рухына бағышталады

11 қаңтар 2018

Біз Виктор Мирошниченкомен, іс жүзінде, 1999 жылы «Әділ сөз» қоры құрыла салысымен танысқан едік. Ол – қазір енді ұмыт болған бір шенеуніктің қызмет бабын теріс пайдаланғаны туралы журналистік зерттеу жүргізген мақаласын жариялаған болатын, ал шенеунік оны, әдеттегідей, «ар-намысымды қорлады» деп сотқа берген. Міне, осылайша ол өзінің зерттеулерін жылдан жылға жалғастыра берді. Редакцияда бәрі оны бағалайтын, оқырмандар құрметтейтін, одан түрлі адамдар көмек сұрап жататын. В. Мирошниченко бәріне көмектесуге тырысатын, журналистік зерттеулер жүргізіп, көп әшкерелейтін, билікке де ыңғайсыз сұрақтарды жиі қоятын. Ал шенеуніктер мен бизнесмендер жауап ретінде оны «түрмеге отырғызам, қырып-жоям!» деп қорқытып жататын.

Тек соңғы бес жылда Викторға төрт қылмыстық және 25 азаматтық айыптар тағылды, бәрі – оның мақалаларына қатысты. Ол қолынан келгенше қорғанып бақты, көбіне соттарда жеңіп шығатын, бірақ жеңілген кездері де болды. Міне, осындай істердің әрқайсысы оның денсаулығын «жеп» жатты. Нәтижесінде, жүрегі тоқтап тынды...

Қош бол, дос!

 

«Әділ сөз» қоры

Өз сұрағыңызды қойыңыз