Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Парламент жемқорлардың пайдасына заң қабылдады

21 желтоқсан 2017

Сөз бостандығын қорғайтын Халықаралық «Әділ сөз» қорының 

МӘЛІМДЕМЕСІ

 

«Әділ сөз» қорының, басқа да үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшылары – Ақпарат және коммуникация министрлі мен парламент Мәжілісі құрған жұмысшы топтың құрамында 2016 жылдың күзінен бастап «Ақпарат және коммуникация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмыс істеді. Бірақ біздің негізгі ұсыныстарымыз бен қарсылықтарымыз ескерілмеді және оның себептері де түсіндірмеді.

Бірнеше жүз журналистер мен азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар қол қойып, Сенат депутаттарына жолдаған Ашық хатта біз бұл заң жобасын қабылдамауды сұрағанбыз, себебі ол:

* Журналистерге жеке және отбасылық құпияларды тарату үшін рұқсат сұрауды мінеттеп, жемқорлықпен күреске тосқауыл қойып отыр. Алайда біздің заңнамада сол «құпиялардың» заңдық анықтамасы берілмеген;

* Ақпаратты «ресми» және «өзге» деп бөліп, және сол «бөлу» құқығын мемлекеттік құрылымдарға беріп қойып, халық үшін қоғамдық маңызы бар ақпаратты алуға кедергі келтіріп отыр;

* Мағынасы аморфты «насихат» деген ұғымды заңға кіргізіп, барлық БАҚ-тарды негізсіз айыптаудың алдында қорғансыз қалдырып отыр;

* Бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын және жазалайтын Уәкілетті органның штатын едәуір ұлғайтып, өкілетін күшейтіп отыр.

Соған қарамастан, парламенттің қос палатасының депутаттары жұртшылықтың пікірі мен ұсыныстарына құлақ аспады, ал ақпарат және коммуникация министрі Д. Абаев Сенаттың пленарлық отырысында «БАҚ өкілдері, тұтастай алғанда, министрлік ұсынған түзетулерді қолдайды» деді.

«Әділ сөз» қоры сөз бостандығы үшін қауіпті және қоғам мүддесіне қайшы келетін заңның күшіне енуін тоқтатудың соңғы мүмкіндігін пайдаланып, ел Президентінен заңға вето қоюды сұрап үндеу жолдайын деп отыр.

21 желтоқсан 2017 ж. 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз