Қаржы полициясының бұрынғы агенті «Время» газетінің журналисі Тохнияз Кучуковты жала жапты деп айыптады
14 желтоқсанда Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотта қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатовтың жеке арызын қарау жалғасты, онда ол «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуковты жала жапты деп (130-бап, 2-тармақ, жала жабу) айыптап отыр. Т. Кучуков өзінің бірнеше мақаласында Т.Махатовты Алматы кеден қызметкері Медет Жамашевты өлтірді деген күдікпен қамауға алынғаны туралы жазған.
Мұндай жарияланымдарға Алматы қаласы прокуратурасының 2017 жылы 3 шілдеде жариялаған баспасөз-мәліметі себеп болған. Онда ІІМ (МВД) тергеу бригадасының мүшелері Махатоваты – Жамашевтің өліміне қатысы бар деп күдіктенетіні туралы айтылған.
Прокуратураның баспасөз-мәліметі жарияланған соң, БАҚ-тарда экс-агентке қатысты бірқатар мақала шыққан болатын. Алайда Махатов «осы газеттегі мақаладан соң, басқа БАҚ-тар мен туралы жаза бастады» деп «Время» газетін ғана айыптап отыр.
Еске сала кетейік, Махатовты белгілі ортада Агент Саныч (немесе Бетон) деп атайды. Бес жыл бұрын ол «Қорғас ісі» деп аталған кеденшілердің атышулы сотында басты куәгер болған.
Кучуковтың адвокаты Геннадий Нам соттың кезекті отырысында Талгат Махатовтың аты түрлі БАҚ-тарда аталатын мақалалардың сканерленген көшірмесін іске қоса тіркеуді сұрады. Себебі тек солай ғана Кучуковтың арам пиғылы болмағанын және журналист тек ресми органның ақпаратына сүйеніп мақала жазғанын, сондықтан оның кінәсіз екенін солай дәлелдеуге болады деді қорғаушы. Бұдан тыс, бірқатар электронды БАҚ-тар да бұл іс туралы егжей-тегжейлі айтқан болатын.
Судья Нұргүл Батырхан қорғаушы Намның өтінішін қанағаттандырмады, одан кейін адвокат судьяға нарызылық білдірді.