Сейітқазы Матаев – бостандықта!
4 желтоқсанда Сейітқазы МатаевЗаречный поселкесіндегіколониядан босап шықты.
Қазақстан Журналистер одағының төрағасын қарсы алуға барлық дерлік жетекші БАҚ-тардың өкілдері келді (тек ешкім байқамаған «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналарын санамағанда). Біреулері таңнан бері келіп алды, енді біреулері – түске қарай, ал белгілі бір жерден мәлімет ала алатындар – сағат 15-ке қарай келді. Матаевты сағат 17.00-де босатты.
Тосыннан ұйымдастырылған қысқа баспасөз конференциясы, негізінен, екі мәселеге арналды: «денсаулығыңыз қалай?» және «енді не істейсіз?» дегенге. Оның жауаптары да: денсаулықпен проблемалар бар, бірақ қазіргі басты мақсатым – тордың арғы бетінде қалған Әсет Матаевтың тағдыры – Сейітқазының кіші ұлы және ҚазТАГ-тың бас редакторы.
«Әділ сөз» қоры Журналистер одағының барлық мүшелерін – өз лидерінің бостандыққа шығуымен құттықтайды. Және оның толық ақталатынына сенімді, бұл тек уақыттың ісі.