Геннадий Бендицкийдің рухына бағышталады
Геннадий Бендицкий сияқтыларға, әдетте, «нағыз Еркек!» - дейді. Тура осылай, бас әріппен. Физикалық тұрғыдан күшті, рухы биік, іздемпаз ақылы бар және батыл адам.
Ол өзі жазған мақалалары үшін көптеген соттарды, қылмыстық айыптауларды және азаматтық талаптарды бастан кешті. Оның кейіпкерлері Геннаны жек көрді және оған адам шошырлық айыптар тақты. Алайда ол қорғаған, ал кейде өлімнен аман алып қалған адамдардың дауысы ақырын шықты, бірақ ол дауыстар шын жүректен шығып жатты. «Журналистік зерттеу» мамандығын таңдап алған журналистің тағдыры осындай болып келеді.
Бендицкийдің деңгейіндегі кәсіпқой мамандар аз, бірақ дәл солардың арқасында біз өз мамандығымызбен мақтана аламыз. Қазір олардың саны тағы азая түсті...
Біз онымен қызметтес және мүдделес болдық. Қош бол, дос!
«Әділ сөз»