«Әділ сөз» парламент Сенатының депутаттарына Ашық хат дайындап жатыр
Сонымен, тосқан оқиғамыз жүзеге асты: мәжіліс депутаттары БАҚ туралы заңға енгізетін өзгерістер жобасын БІРАУЫЗДАН қолдап даус берді.
Осыған орай оларға жалғыз ғана сұрақ қойғымыз келеді: сіздер неге «Құқықтық актілер туралы» заңға қайшы келетін заң жобасын қолдап дауыс бердіңіздер?
Министр Абаевқа сұрақтар одан көбірек. Журналистермен әңгімелескенде ол өтірік айтқан жоқ, ол тек ойын аяғына дейін жеткізбеді. Министр: «банктік және дәрігерлік құпиялар туралы нормалар біздің заңнамада 20 жылдан бері бар» деп шындықты айтты, алайда отбасылық және жеке құпияның нақты анықтамалары жоқ және болмаған да. Ол туралы министр ештеңе айтпайды. Олардың (шенеуніктер мен депутаттар) «бала асырап алу құпиясын соған жатады» деген түсініктемесі – қулықтың бір түрі. Себебі отбасылық және жеке құпияға кез келген нәрсені жатқызуға болады. Жақын арада сот тәжірибесі оны растайды.
Мәжіліс қабылдаған заң жобасындағы осы және басқа да мәселелер бойынша «Әділ сөз» Сенат депутаттарына ашық хат әзірлеп жатыр.