Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сейітқазы Матаевты ШТМБ (УДО) бойынша босатанын болды

16 қараша 2017

16 қарашада Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтыңшартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Оның адвокаты Мәдина Бәкиеваның хабарлауынша, егер нарызылық болмаса, соттың шешімі 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Соған қарамастан, сот С.Матаевты қосымша жазадан: мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру және бөлу міндеттерімен айналысуға, материалдық жауапкершілікпен байланысты басшы қызметтерді атқаруға тыйым салатын жазадан босатқан жоқ.

Сот отырысы күндізгі сағат 12-де басталды.ҚазТАГ-тың хабарлауынша С.МатаевтыңадвокаттарыМәдина Бәкиева мен Андрей Петров: сырқатнамадан және басқа да медициналық құжаттардан жаслаған көшірмелер негізінде «Аман-Саулық» ҚҚ (ОФ) жасаған медициналық қорытындыны ісматериалдарына қосу туралы өтініш жасады.

Қоғамдық қордың қорытындысында: С.Матаевта III дәрежелі гипертоникалық ауру анықталғаны айтылған, ал осы ауру қозған кезде артериялық қысым 260 мм рт-ге дейін көтерілетіні жазылған.

Дәрігерлердің пікірінше мұндай жағдай – оның түзету мекемеде отырған кезде тұрақты күйзеліс пен үлкен эмоционалды жүктемені бастан кешудің салдарынан туындаған, сонымен бірге, С.Матаев өзінің кінәсіз екеніне және сот үкімінің әділетсіз болғанына толық сенімінен туындаған. «Аман-Саулық» қорының мамандары: мұндай жағдайда С.Матаевтың денсаулығы жақсарып қана қоймай, қайта керісінше, инфарктқа немесе инсультқа әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті, ал оның арты мүгедектік пен өлімге апаратынын да айтты.  

С.Матаев жатқан колонияның медициналық бөлімінің өкілі, бұдан тыс, науқасқа емделу қажет екенін, бірақ түзету мекемесінің медициналық бөлімі оны қамтамасыз ете алмайтынын жеткізді.  

Адвокаттар Мәдина Бәкиева мен Андрей Петров, сондай-ақ, ҚазТАГ ХАА (МИА) ЖШС-дан: С.Матаев бостандыққа шыққан кезде редакторлық қызметті ғана атқарады деген кепілдік хатты және Қазақстан журналистер одағынан: С.Матаев осы ұйымның қазіргі төрағасы екенін растайтын хатты да көрсетті.

Бұдан тыс, адвокаттар С.Матаев заң бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу үшін түрмеде 12 ай 15 күн отырса жеткілікті екенін, ал 14 қарашада ол іс жүзінде 16 ай қамауда отырғанын ерекше атап өтті. Ал жасына байланысты ШТМБ-ға (УДО) шығу үшін 8,5 ай да жеткілікті.

Өз кезегінде, түзету мекемесінің өкілі С.Матаевтың адвокаттарының сөздерін толығымен растап, Матаевқа оң мінездеме берді, мақтаулары бар екенін айтты және түзету мекемесінің қызметкерлері оны үнемі тексеріп жүруді қажет етпейтінін, сондықтан шартты түрде мерзімінен бұрын бостауға болады деді.

Сот отырысына қатысқан прокуратура өкіліС.Матаевты босатуды сұраған дәлелдердің бірде біріне қарсы шыққан жоқ, алайда отырыстың соңында С.Матаевтың бір ғана мақауы бар және ол 200 млн теңгеден тұратын зиянның орнын әлі толтырған жоқ деп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостау туралы өтініш қанағаттандыруға жатпайды деп мәлімдеді.

С.Матаевтың өзі сот отырысына бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз