Араздықты қоздыру ісінде әлеуметтік желелілерді пайдаланушылар ақталды
25 қазанда Алматы облысы Уйғыр аудандық сотында ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-тармағы бойынша айыпталған Гүлжазира Байшегашеваға, Бірлік Ызбаевқа, Мақпал Садықоваға, Бұлбұл Нұралиға судья Р.Сүлейменова төрағалығымен өткен сотта ақтау ұкімі шықты.
Фейсбук пен VC-ның (Вконтакте) желілерн пайдаланып жүрген төрт адам Кетпен ауылының мектебінде орын алған оқиғаға орай жазылған постың астына өздерінің мынандай спонтанды сұрақтарын қойып, бағасын берген: «Не боп қалды?» «Бәрі тыныш па?» «Бұл – Ұйғыр ауданындағы Кетмен бе?» «Ұлтаралық қақтығысты тудырғысы келіп жүргендей...», «Өзім де анық білмеймін», «Бейнекөрініс вацапта жүр», «Үнемі шатақ шығарып, әбден жалықтырып жіберді». Осы сөйлемдер қылмыстық іс қозғауға себеп болған.
Судья Р.Сүлейменова, сондай-ақ, Алматы облысы Раимбек ауданының Ішкі істер департаментінің (ІІД) тергеушісі Е.Иманқұловқа, Ұйғыр ауданының ІІД тергеушісі Т.Махаметке әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды қылмыстық іске заңсыз тартқаны үшін жеке ұйғарым шығарды.
Бұған қосымша: Шығыс Қазақстан облысындағы Әділет министрлігінің сараптама зертханасы жаңағы сөйлемдерден ұлтаралық алауыздықты қоздыратын белгілер тапқан, ал «Әділ сөз» қорының маманы берген қорытындыда: «мәтінде кемсітуге және араздықты қоздыруға бағытталған агрессивті пиғыл табылған жоқ» делінген.