«Бекжан» базарының иесі журналист Бахром Абдуллаевты жала жаптың деп айыптап отыр
25 қазанда Шымкент қаласының Абай аудандық сотында «Отырар» телеарнасының тілшісі Бахром Абдуллаев пен қала тұрғыны Азиз Пайзахметовтың үстерінен «жала жапты» деген айып бойынша сот басталды. Жеке талап-арызды «Бекжан» базарының иесі Әмірхан Шүменов беріп отыр.
14 шілдеде телеарнаның кешкі жаңалықтарында Б. Абдуллаев түсірген сюжетте Шымкенттің «Сыпырған ата» атты ескі зираты қоқысқа батып жатқаны туралы айтылған. Осы сюжет сотқа беруге себеп болған. Қоқыс проблемасы жайында телеарнаға Азиз Пайзахметов хабарлаған болатын.
Жергілікті тұрғындар мен зираттың қараушысы А. Юлдашев: бұл жерге қоқысты келген адамдар ғана емес, зираттың жанындағы «Бекжан» базарының саудагерлері де әкеп тастайтынын айтқан. Олардың сөзінше, базар басшысы сатып алушылар сауда орталығына (СО) көп келу үшін «Сыпырған ата» зиратынан тіке өтетін жол салғысы келіп, зираттың қақпасын жаппауды бұйырған. Жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын естіген Бахром Абдуллаев «Бекжан» базарының басшылығына барады, бірақ түсініктеме ала алмайды. Одан кейін журналист Абай ауданы әкімдігіне барады. Сол жерде оған осы мәселе қатысты жағдайды түсіндіреді.
Біраз уақыт өткен соң, Азиз Пайзахметовтың әкесі телеаранаға келіп, қоқысқа толып кеткен зираттың проблемасы туралы айтып береді. Осылайша «Бекжан» СО-ның позициясын білдіретін тағы бір материал 19 шілде күні эфирге шығады. Бұл сюжетте зираттың қараушысы А. Юлдашев «мен өткен жолы өз ойымды аздап дұрыс жеткізбедім. Сондықтан менің базар басшылығына қояр талабым жоқ» дейді.
Осыдан кейін базар жетекшісі сотқа шағымданған.