Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қытайда өткен журналистік ұйымдар форумында Сейітқазы Матаев туралы да айтылды

16 қазан 2017

Бүгін Пекинде журналистік ұйымдардың «Бір белдеу – бір жол» атты форумы өтті. Оған 27 мемлекеттің өкілдері қатысты, олардың арасында Белоруссия, Қазақстан, Украина, Ресей, Индонезия, Болгария, Сенегал, Мексика т.б. елдердің өкілдері болды.

Қазақстанның атынан форумда Журналистер Одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова қатысып, ол 18 қазанда Халықтар жиналысы үйінде өтетін ҚКП-ның 19-шы съезі қарсаңында өтіп жатқан осы форумның маңыздылығын атап өтті.

Журналистер одағының жауапты хатшысы өз сөзінде: екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен тығыз ынтымақтастықтық туралы және Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың 7 ақпараттықагенттік ашқаны жайлы айтып берді.

Журналистердің Бүкілқытайлық Ассоциациясының вице-төрағасы: келесі жылғы форумға Қазақстан журналистерін осы Одақтың төрағасы Сейітқазы Матаевтың өзі басқарып келеді деген тілек білдірді.

Форум мүшелері ұйымдастырушыларды тамаша бастама көтеріп және өздерін жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдірді. Журналистердің Бүкілқытайлық Ассоциациясының төрағасы, өз кезегінде, форум қытайлық соло емес, барлық қатысушы мемлекеттердің достық хоры болады деген тілек білдірді.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы «Бір белдеу – бір жол» бастамасын көріп, оған халықаралық журналистика саласында тәжірибе алмасуды нығайту да кірген болатын. Осы аттас журналистік ұйымдардың форумы – тәжірибе алмасу, семинарлар, тренингтер өткізу және журналистік сыйлықтар тағайындау арқылы бейбіт ынтымақтастық пен ашықтық және барлық жаққа тиімділік принтері негізінде жұмыс істейтін болады.


Өз сұрағыңызды қойыңыз