Үкімет қандай заңды реформалағысы келеді
«Әділ сөз» қоры басқа да медиалық ҮЕҰ-мен (НПО) әріптестікте БАҚ туралы заңның әрбір бабына талдау жасады. Мына сайтқа кірсеңіз: http://www.adilsoz.kz/politcor/show/id/212, бұл заңның қаншама бабы өзгертілгеніне, олардың қарама-қайшылығы мен жөнсіздігіне өзіңіздің де көзіңіз жетеді.
Қазақстан заңнамасы мұндай жағдайда жаңа заң әзірлеп, қабылдауға кеңес береді. Алайда Ақпарат және коммуникация министрлігі жаңа түзетулерді қорғаштап, қолданыстағы заңның кереғарлығына одан бетер тереңдете түскелі отыр.
Біз, бірінші кезекте, журналистерге үндеу жолдап отырмыз: бұл заңмен сіздер жұмыс істейсіздер, сондықтан үнсіз қалмаңыздар! Депутаттарға да, әріптестеріңізге де, кең қауымдастыққа да өз ойларыңызды айтып, ұсыныстар жасай беріңіздер.