Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Мәжілісте – жобамен жұмыс істеп жатыр, ал бізде – байқау жалғасуда

30 қараша 2017

ҚР Парламенті Мәжілісі БАҚ туралы және «Ақпараттандыру туралы» жаңа заң жобаларымен жұмыс істей бастады. Шенеуніктердің үсынысы:

1. Барлық ақпаратты «ресми» және «өзге» деп бөлу керек. Ресми ақпаратқа кірмейтін мәліметтерді сұратқан сауалға жауап – сауал түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде беріледі.

2. «Азаматтың құқығы мен заңды мүддесіне шек қоятын мәліметтер» деген түсінік енгізу керек. «Шек қоятын мәліметтер» дегеніміз не? Оны ешкім білмейді. Егер мақаланың кейіпкері «менің құқығыма шек қойылды» деп шешсе, онда ол жауап беру құқығын талап ете алады, ал БАҚ – талап түскен кезден бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде сол жауапты жариялауға міндетті.    

3.  Журналист бұдан былай жеке, отбасылық және басқа да құпияларды БАҚ арқылы тарату үшін сол адамдардың келісім алуға міндетті болу керек. Алайда жеке және отбасылық құпия дегендердің не екенін ешкім білмейді. Еліміздің барлық заңнамасында бұл түсініктер тұжырымдалмаған.      

4. «Насихат» деген терминді енгізгелі отыр – бұл дегеніңіз, «бұқаралық ақпарат құралдары арқылы – шек қойылмаған адамдар тобына қатысты дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыру, ал кейде саналы түрде бұрмаланған пікір қалыптастыру үшін осы Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуды және (немесе) оларды құқыққа қарсы әрекеттерге я болмаса әрекетсіздікке итермелейтін ақпараттарды, көзқарастарды, фактілерді, дәлелдерді және басқа да ақпараттарды тарату».  

5. Интернет-ресурстардағы мәтіндерге түсініктеме жазу үшін «электронды үкімет» порталында алдын ала міндетті сәйкестендіруді енгізу керек немесе SMS-хабарландыру арқылы бір реттік порольді тіркеу қажет.  

 (Заңның толық мәтінін мынан қараңыз: http://www.adilsoz.kz/bill/show/id/28 )

Сіз осы ұсыныстар туралы не ойлайсыз? Олар журналистерге және қоғамға не береді?

«Әділ сөз» заң жобасына қатысты бейнероликтер мен карикатуралар байқауын жалғастыруда. Сапалы шыққан бейнероликтер мен анимациялық өнімдерге кеткен шығындарды қайтарамыз! Бұдан тыс бірінші, екінші және үшінші орындарға сыйлықтар қарастырылған!

Өздеріңіздің жазба және аудио-бейне пікірлеріңізді   info@adilsoz.kz  сайтына жіберіңіздер, олар кең түрде жарияланады. Депутаттар қоғамдық пікірді білу үшін сіз оларды өз БАҚ-тарыңызда, сайтарыңызда және әлеуметтік желілерде орналастыра беріңіздер. Және де http://www.adilsoz.kz/p/zakon сайтының бетінде дауыс беріңіздер.

Өз сұрағыңызды қойыңыз