Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жанболат Мамайдың бостандығын үш жылға шектейтін және үш жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салатын үкім шықты

7 қыркүйек 2017

Оны ҚР ҚК-нің (УК) 193-бабы, 3-т., б) және в) пунктері бойынша кінәлі деп тапты (заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастыру). Журналисті үш жылға бостандығын шектеп және мүлкін тәркілеуге үкім шықты. Сондай-ақ, Жанболат Мамайға үш жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сонымен бірге Мамайды 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартып, пробациялық бақылау орнатуға кесті.

Ал Ж. Мамай тұтқында 10.02.2017 жылдан 07.09.2017 жылға дейін отырғандықтан, оған енді толық бостандыққа шығуға 2 жыл 5 бес ай қалды.

Жанболат Мамайды сот залында босатты.

Залда жиналған Жанболаттың көптеген жақтастары, әріптестері, туыстары Мамайдың босатылуын қошаметпен, гүлдермен және қол соғумен қарсы алды.

«Әділ сөздің» түсініктемесі:

Жанболаттың 7 ай қамауда отырып босатылуы, әрине, бәрімізді қуантпай қоймайды. Алайда оған мамандығы бойынша қызметпен айналысуға тыйым салып, іс жүзінде оны сөз бостандығы мен еркін жүріп-тұру құқықтарынан айырып отыр. Дегенмен, ол бостандықта қалып, өз отасымен бірге болады. Бірақ сот шығарған үкім – қылмыстық қудалау кезінде пайда болған көптеген сұрақтардың бірде біреуіне жауап берген жоқ.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз