Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Прокурор Жанболат Мамайдың бостандығын төрт жылға шектеуді сұрады

4 қыркүйек 2017

Судья айыптау жағына сөз берді. Прокурор Әбләзовтің қылмыстық тобы туралы және Жәрімбетовтің «Трибуна» газеті редакциясына демеушілік көмек көрсеткені жайлы жан-жақты және көп айтты. Оның сөзіне сенсек, Мамайдың Жәрімбетовтен алған ақшасы қылмысты жолмен табылған қаржы көрінеді және Әбләзовтің мүддесі үшін жұмсалыпты. Сондай-ақ, айыптау жағы ақшаны газет арқылы заңдастырған фактіні анықтапты, алайда ол ақша түбінде Әбләзовтің өзіне қайтқанын прокурор дәлелдей алмайды. Бұл туралы адвокаттар өз сөзінде мәлімдеді.

Қазақстан қылмыстық жолмен табылған ақшаның ізін жасыру, қайтару және тәркілеу туралы конвенцияны ратифициялаған (қаржыны заңдастыру). Алайда адвокаттардың айтуынша, іс материалдарында «мүлікті, қаржыны заңсыз жолмен тапты» деген айыпты растайтын дәлелдер жоқ екен, сондай-ақ ол қаржыны Әбләзов бергенін айғақтайтын құжаттар да жоқ және Әбләзовтің өзі де сот отырысында сұралмаған. Сонымен бірге Әбләзов пен Жәрімбетовтің қылмыстық істеріне қатысты сот шығарған үкімде олардың Мамаймен байланысы болғаны жайлы эпизодтар да жоқ.  

Прокурор осы жайлардың бәрін ескере келе, сондай-ақ Ж.Мамайдың кішкене баласы мен қарт ата-анасы бар екенін де назарға алып, Жанболатты төрт жылға бостандығын шектеуді және 3 жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуды, сонымен бірге мүлкін тәркілеуді сұрады.

Келесі сот отырысы 6 қыркүйекке сағат 17-ге белгіленді. Сол жерде сотталушының соңғы сөзі тыңдалады.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз