Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Уральская неделяның» бас редакторы полиция қызметкерінің қорлады деген істі Жоғарғы сот жаңадан қарауға жіберді

29 тамыз 2017

29 тамызда ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы – судья А. Сәрсенбаевтың төрағалық етуімен «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың полиция майоры Даниар Рақышевтың ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорлауға қатысты істі кассациялық тәртіппен қарады. Бірінші сатыдағы сот шешімі мен апелляциялық соттың қаулысы күштерін жойып, апелляциялық соттың жаңа құрамында бұл істі қайта қарауға жіберді.  

Еске сала кетейік, бұл даудың басқы себебі 2016 жылы 21 мамырда орын алған оқиға болды. Сол күні Тамара Еслямоваға «заңсыз ұйымдастырылған митингке қатыстың» деп әкімшілік айыппұл салған болатын. Сол сотта бас редактор аталмыш митингке қатыспағанын және одан бетер, оны ұйымдастыруға еш қатысы жоқ екенін дәлелдейтін көптеген құжаттық айғақтар келтірген еді. Алайда судья оларға көңіл аудармай, әкімшілік хаттамалар мен куәгер-полицейлердің көрсетулерін ғана негізге алған болатын.

Бұдан кейін 25 мамырда Т. Еслямова «Майор Рақышев сияқтылар неден қорқады?» деген мақала жариялайды. Онда журналист: сот отырысы аяқталып, рұқсат берілмеген митингке қатысқаны үшін оған айыппұл салынған соң, Еслямованың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған майор Д. Рақышев оның жанына келіп, өзін кешіруді және қарғамауды сұрағанын жазған. Алайда мақала шыққан соң полицей журналисті сотқа береді. 2016 жылы 19 қазанда Орал қалалық соты полицейдің арызын ішінара қанағаттандырған.

Сот шешімі бойынша жауапкер: «Уральская неделяның» бас редакторы Тамара Еслямова және газетінің құрылтайшысы – «Журналистік бастама» ЖШС 30 күннің ішінде газетте шыққан мәліметтің жалған екенін жариялап және полиция қызметкерінің моральдық зиянының орнын толтыру үшін оған жалпы сомасы 3,5 млн. теңге төлеуі керек болды (құрылтайшы – 2 млн теңге, бас редактор – 1,5 млн теңге). 2016 жылы 27 желтоқсанда апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырады.

Жоғарғы сот алқасының отырысында Т.Еслямова мен «Журналистік бастама» ЖШС-ның өкілі – «Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахинаның сөйлеген сөзін мына жерден оқыңыз.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз