Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Санат Урналиев өзін аңдып жүргенін байқап қалды

29 тамыз 2017

«Азаттық» радиосының Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Санат Урналиев Facebook-тегі өзінің парақшасында былай деп жазды: «Мен қайда барсам да, полиция машинасы менің артымнан қалмай жүреді. Бұл, әрине, журналист ретінде менің беделімді көтереді, алайда бұдан жеркенішті бір иіс аңқып тұрады». Урналиев өзінің үйінің жанында полиция машинасы күнара келіп, кезекшілікте тұратынын байқаған.

Санат Урналиев «Әділ сөздің» тілшісіне: «полицияның менің ізіме түсуін Күлекбаев пен Жампозов туралы «біріншісі полицейлерді өлтірген, екіншісі – прокурорды сабап кеткісі келген» деп жазған мақалаларыммен байланыстырам. Бірақ әзірге жазып жүрмін. Әзірге...» деп хабарлады. 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз