Жанболат Мамайдың соты: бесінші күн
29 тамызда Жақсылық Жәрімбетовтен қосымша жауап алынды. Ол Жанболат Мамаймен М.Әбләзовтің кабинетінде танысқанын растады. Жәрімбетовтің айтуынша Әбләзов оған «бір жігіт бар, сен онымен танысып, сөйлесуің керек» деген екен.
Ал Жанболат Жәрімбетовпен 2012 жылы таныстым десе, Жақсылық «біз 2011 жылы таныстық» деді.
Содан кейін 45 минут бойы судья 10 томдық іс материалдарын зерттеді. Осы уақыт ішінде ол әр томның нөмірін, бетін, тергеу қандай техниканы (ноутбук, телефон, планшет және т.б.) тәркілегенін айтып отырды, алайда сол гаджеттерде қандай ақпарат болғаны тураны нақты ештеңе дей алмады. Нақты айтар болсақ, сарапшылардың қорытындысы туралы ештеңе деген жоқ.
Құқыққорғаушылар болжағандай және жанама түрде адвокат та растағандай, гаджеттерде: Әбләзов Мамайға газет шығару үшін демеушілік көмек көрсеткенін немесе оның Жанболатқа көп ақша бергенін растайтын дәлелдер табылмаған. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша әрбір томның қорытындысында «зерттелгенматериалдар қызығушылық тудырмайды» деп жазылған.
Содан кейін судья жарыссөздерді бастауды ұсынды. Мамай бірақ дайындалуға қосымша уақыт сұрап, жарыссөздерді бастауға қарсы болды. Прокурор да оған қарсылық білдірмеді.
Келесі сот отырысы 4 қыркүйекке сағат 12-де басталады деп белгіленді.