Бас прокуратура Бигелды Габдуллинге шығарылған үкімді тым жұмсақ санайды
Қазақ Халықаралық ПЕН-клубыныңпрезиденті,республикалық қоғамдық-саяси Central Asia Monitor газеттің редакторы және «Радиоточка» интернет-порталның негізін қалаушы Бигелды Ғабдуллин 2017 жылдың қаңтар айында бес жылға бостандығын шектеуге және басшы қызметтерде болмауға сотталған. Бас прокурораның наразылығымен ол қайтадан сот алдында жауап берейін деп отыр.
«Central Asia Monitor» газетінің хабарлауынша 2017 жылы 11 тамызда ҚР Бас прокуроры ҚР Жоғарғы сотына наразылық жолдаған (шағым ретінде), онда ол Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының Ғабдуллинге қатысты 24 қаңтарда шығарған үкімін тым жұмсақ деп санап, оны былай өзгертуді сұраған: «Ғабдуллинді 7 (жеті) жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп және мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда басшы қызметте болу құқынан айырып, сондай-ақ журналистік және баспа қызметімен айналысуға 10 (он) жылға тыйым салынсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесіндегі қауіпсізк барынша қамтамасыз етілген мекемеде өтесін; ҚР Президентіне Ғабдуллинді «Құрмет» және «Парасат» мемлекеттік марапаттардан айыру туралы ұсыныс жасалсын».
Наразылықта бірақ жаңа айыптар немесе осы іс бойынша жаңа ашылған жағдайлар туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік: Бигелді Ғабдуллинге ҚР ҚК 194-бабы, 4-т., 2-тт бойынша (Бопсалау) айып тағылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының болжамы бойынша Б. Ғабдуллин өзіне қарасты Central Asia Monitor және Radiotochka.kz БАҚ-тарын пайдаланып, «мемлекеттік органдар жетекшілерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз материалдар жариялап, ақпараттық шабуылды күшейткен». Ұлттық бюроның деректері бойынша Ғабдуллин содан кейін сыни материалдарды тоқтату үшін өзінің медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстар беруді талап етіп, лауазымды қызметкерлерді бопсалаған. Олар, өз кезегінде, Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алу шарттарымен қамтамасыз етіп отырған. Осыдан кейін ғана оның БАҚ-тарында сол басшылардың қызметі туралы тек жағымды материалдар шығып жүрген.
2016 жылы 15 қарашада Б. Ғабдуллин қамалып, артынан тұтқынға алынды. Тергеу және сот барысында ол өз кінәсін мойындап, материалдық зиянның орнын толтырды. Бостандыққа шыққан соң Central Asia Monitor-дың жаңа бас редакторының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Б.К.Ғабдуллинге қатысты қылмыстық істер актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағымы 2017 жылы 29 тамызда сағат 09:00-да Жоғарғы соттың ғимаратында қаралады.