Жанболат Мамайдың соты: төртінші күн
24 тамызда Жанболат Мамайдың ісі бойынша сот отырысы бар-жоғы 20 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде судья: өткен сот отырысы кезінде журналист Ермұрат Бапиден жауап алу туралы қорғаушылар жағы жасаған өтінішті қанағаттандырмай тастады. Сондай-ақ Украинаның еңбек сіңірген заңгері, профессор Николай Хабарнюктен жауап алуды сұраған өнішін де қанағаттандырған жоқ (адвокаттар одан Еуропалық конвенциялар мен халықаралық нормаларға сай «ақшаның ізін жасыру» деген терминді ғылыми тұрғыда негіздеп беруді жөн көрген еді). Судья бұл өтінішке орай: «мен өзім де заңгермін, керек болса терминдерді өзім-ақ сауатты түрде түсіндіре адам және кеңес бөлмесінде өз қорытындымды шығарып берем» деді.
Прокурор, өз кезегінде, украин заңгеріне қатысты өтініш не жайында екенін түсінбей, ол өтінішті негіздеп, өзіне жазбаша түрде беруді сұрады.
Қосымша көрсетулер беру үшін сотқа шақыртылған Жақсылық Жәрімбетов белгісіз себептермен келмей қалды. Судья оны өз бастамасымен қайтадан шақыртты, өйткені судья: Мамай мен Әбләзовтің кездесуіне қатысты Жанболат пен Жәрімбетовтің берген көрсетулерінде айырмашылықтар бар екенін анықтады.
Еске сала кетейік, Жәрімбетов бұдан бұрын сотта: Мамай Венада болған кезде өздерінің Әбләзовтің кабинетде танысқандарын айтқан болатын.
Мамай бірақ бұдан бас тартып, «сот отырысында мен бар шындықты айттым, ал Жәрімбетовтің неге ондай көрсетулер бергені маған белгісіз» деді.
Келесі сот мәжілісі 29 тамызға сағат 11-ге белгіленді.