Сыни пікір ме әлде жаман атқа қалдыратын мәлімет пе?
Шілде айында «Әділ сөз» қорының мониторинг қызметі мынандай хабар алды:
«Алматы облысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің жетекшісі Тұрсынбай Ғалинов өзінің ар-намысын қорғап, Талдықорған қалалық сотына қоғамшыл Любовь Гаркушаның үстінен арыз берді.
Оған себеп болған жәйт: Л. Гаркуша өзінің суретімен қоса «Тұрсынбай Ғалиновке сенбеймін, оны қызметтен босатысын» деген жазуы бар билбордқа тапсырма беріп, оны Талдықорған қаласының көшесіне іліп қойған. Л. Гаркушаның пікірінше, оны: «сарапшы біліктілік талаптарына сай келмейді-мыс» деген сылтаумын Департаменттің қоғамдық кеңесінен заңсыз шығарып жібергеніне келіспейтінін ол осылайша білдірген.
«Әділ сөздің» түсініктемесі:
ҚР АК (ГК) 143-бабы бойынша адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратқанда ғана адамға зиян келеді. Ал билбордтың мәтінінде талапкер туралы мәлімет мүлдем жоқ. Л. Гаркуша талапкерге деген өзінің көзқарасын ғана білдірген, ал өз пікірін білдіру – оның конституциялық құқығы.
Шілде айындағы мониторингтің толық мәтінін мына жерден оқыңыз: //www.adilsoz.kz/monitoring/show/id/147