Жаңаша жұмыс істейміз бе?
Құрметті әріптестер,
Мәжіліске «БАҚ туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заңдарға жаңа өзгерістер енгізетін заң жобасы келіп түсті. Шенеуніктердің ойынша:
1. Барлық ақпаратты «ресми» және «өзге» деп бөлу керек екен. Ресми хабарламаға кірмейтін ақпаратты сұратқан сауалға жауап – сауал түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде беріледі.
2. «Құқық пен заңды мүддеге шек қоятын мәліметтер» түсінігін енгізу керек. «Шек қоятын мәліметтер» дегеніміз не? Оны ешкім білмейді. Егер мақаланың кейіпкері «менің құқығыма шек қойылды» деп шешсе, онда ол жауап беру құқығын талап ете алады, ал БАҚ – талап түскен кезден бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде сол жауапты жариялауға міндетті.
3. Журналисті бұдан былай жеке, отбасылық және басқа да құпияларды БАҚ арқылы тарату үшін сол адамдардың келісім алуға міндеттеу керек. Алайда жеке және отбасылық құпия дегендердің не екенін ешкім білмейді. Еліміздің барлық заңнамасында бұл түсініктер тұжырымдалмаған.
4. «Насихат» деген терминді енгізгелі отыр – бұл дегеніңіз, «бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шек қойылмаған адамдар тобында дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыру, ал кейде саналы түрде бұрмаланған пікір қалыптастыру үшін осы Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуды және (немесе) оларды құқыққа қарсы әрекеттерге я болмаса әрекетсіздікке итермелейтін ақпараттарды, көзқарастарды, фактілерді, дәлелдерді және басқа да ақпараттарды тарату».
5. Интернет-ресурстардағы мәтіндерге түсініктеме жазу үшін «электронды үкімет» порталында алдын ала міндетті сәйкестендіруді енгізу керек немесе SMS-хабарландыру арқылы бір реттік порольді тіркеу қажет.
(Заңның толық мәтінін мынан қараңыз: http://www.adilsoz.kz/bill/show/id/28 )
Сіз осы ұсыныстар туралы не ойлайсыз? Олар журналистерге және қоғамға не береді? Олардың пайдасы кімдерге тиеді?
Өздеріңіздің жазба және аудио-бейне пікірлеріңізді info@adilsoz.kz сайтына жіберіңіздер. Олардың ішіндегі ең таңдаулылары сыйлықтармен атап өтіледі. Депутаттар журналистік қауымдастықтың осы өзгерістерге деген көзқарасын білу үшін сіздер пікірлеріңізді өз БАҚ-тарыңызда, сайтарыңызда және әлеуметтік желілерде орналастыра беріңіздер.