Жанболат Мамайдың соты: екінші күн
Жанболат Мамайдың ісі бойынша өткен екінші сот отырысында бір куәгерден ғана жауап алынды. Ол – Ш. Жәрімбетованың бұрынғы күйеуі Ғалымжан Аханов.
Оның көрсетуі бойынша ол әйелінің өтінішімен сыртында телефон нөмірлері жазылған конверттерді біреулерге апарып беріп отырған. Төрт рет мүлдем танымайтын адамдарға берген, тек бір рет қана Ж. Мамайға берген. Бірақ ол оны танымаса да, БАҚ-тарда жарияланған мақалалар арқылы біледі екен.
Ғ. Ахановтың айтуынша, конверттерде ақша болған (шамамен 20 мың доллардан). Әр жолы конверттерді берген кезде ол жаңа ұялы телефон мен сим-карта сатып алып, артынан оларды өз қауіпсіздігі үшін лақтырып тастап отырған.
Сот отырысында адвокаттарбернеше өтініш жасады:
- Е. Бапи мен Ә. Қосановтан куәгер ретінде жауап алуды сұрады (олар газеттің қалай шығатыны жайлы, ақша қайда жұмсалатыны және газет шығаруға қанша қаржы керек екені туралы түсініктеме бере алады). Прокурор оған қарсы шығып, «айыпталушы тергелген соң ғана, олардан жауап алуға болады» деді;
- Редакциядан тәркіленген техникаға сараптамалық қорытынды жасаған ҰҚК (КНБ) мамандары Жетпісбаев пен Қажыновты және олардан өзге техникалық сарапшыларды сотқа шақыруды сұрады. Прокурор оған: «тергеу барысында техниканы зерттеу қорытындысымен танысуға адвокаттардың мүмкіндігі болды» деп бұл өтінішке де қарсы шықты. Бірақ қорғаушы жақ оған қарсы: «тергеу материалдары бізге өте кеш берілді және осы сараптамаларға қатысты бізде сұрақтар да көп» деді. Содан кейін адвокаттар тәуелсіз сараптама тағайындауды сұрап, 9 адамнан тұратын тізімді ұсынды.
Судья Дәурен Мәукеев бұл өтініштерді ашық қалдырды.
Сондай-ақ сулья Ж. Мамайдан: «бүгін көрсетулер беруге дайынсыз ба?» деп сұрап еді, ол оған «жоқ» деп жауап берді.
Келесі сот отырысы 2017 жылдың 22 тамызында сағат 15.00-де өтеді.