Құқық қорғаушылар Санат Урналиевтің ісіне алаңдап отыр
Құқық қорғаушылар мен белсенділердің қауіпсіздігін сақтау және қорғау мақсатымен құрылған коалиция Батыс Қазақстан облысы прокуроры С.А. Нүрпейісовке Азаттық радиосының тілшісі Урналиев Санаттың ісі бойынша сұрау жолдады.
Сұрауда 11 тамызда орын алған оқиға баяндалған (қараңыз: www.adilsoz.kz/news/show/id/2422 ), сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу бейтарап өтетініне және заңның барлық нормалары сақталатынына күмән келтірілген. Бұдан тыс құқық қорғаушылар басқа да бірқатар факторларға назар аударып отыр, соның ішінде: журналисті кәсіби қызметі үшін жасанды түрде қудалауы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.
Құқық қорғаушылардың қауіпсіздігін сақтау және қорғау мақсатымен құрылған коалиция прокурордан осы қылмыстық істі бақылауға алып, «бұрмалау мен алдын ала өтірік сөз жеткізуді (донос) көрсететін жағдайға не себеп болғанын тексеруді» сұрайды.