Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жанболат Мамайдың соты 18 тамызда жалғасады

14 тамыз 2017

Сот процесіне Жанболат Мамайдың жақтастары мен бақылаушылардың қатысуына орай туындаған дауда олар үстем болып, сот отырысы ашық өтетін болды.

Бұл процесс бір сағаттай уақыт алды. Судья қорғаушылардың сот ашық өтуі керек деген өтінішін қанағаттандырды, алайда бұлтартпау шарасын өзгерткен жоқ.

Келесі сот отырысы 18 тамызда сол жерде өтуі тиіс, яғни Алматы қаласының №2-ші Медеу аудандық сотында өтеді.

Еске сала кетейік,10 ақпанда «Саяси Қалам. Трибуна» газетініңбас редакторы Жанболат МамайдыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері БТА Банктің қаржысын қымқырды деген күдікпен ашылған Мұхтар Әбләзовтің ісі шеңберінде қамауға алған болатын. Бюроның сол күні таратқан баспасөз хабарламасында былай деп жазылған: «Тергеу барысында Әбләзовтің Қазақстандағы жаңа сыбайласы – Мамай Жанболат Мамайұлы анықталды. Ол БТА Банктен ұрланған ақшаның бір бөлігін «Саяси Қалам. Трибуна» газетін шығару үшін деген желеумен қаржы операцияларын ашық жүргізіп, ақшаның ізін жасырып отырған».

Жанболат Мамай өзіне тағылған айыптан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ол өзінің көпшілікке арналған мәлімдемесінде мұны саяси қудалау деп: «Мен, Жанболат Мамай, тағылған айыптар бойынша өзімді кінәлі деп санамаймын. Өмірімде бизнеспен, қаржылық шаруалармен айналысқан емеспін. Бұл істі саяси астары бар деп, журналистік қызметіме қысым және "Трибуна" газетін жабу әрекеті деп есептеймін» - деді.

11 ақпаннанбері журналист соттың санкциясымен қамауда отыр.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз