Лұқпан Ахмедияровты билік өкіліне тіл тигізді деп айыптап отыр
Тәуелсіз «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровқабилік өкіліне тіл тигізді деген айып тағылды (ҚР ҚК 378-бабы 1-тармағы). Журналистің үсінен арыз берген «билік өкілі» - участкелік полиция қызметкері А. Тұрманов.
Лұқпанның айтуынша, ол сенбі күні 22 шілдеде қаладан алыс жерде жолда келе жатқанда, оның ұялы телефонына біреу қоңырау шалып, өзін «участкелік полиция қызметкері А. Тұрмановпын» деп таныстырып, журналисті бұдан бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін хаттама толтыруға шақырған. Журналист оған өзінің қазір қаладан тыс жерде болғандықтан дәл қазір келе алмайтынын сол кезде-ақ айтқан және онысын ол артынан тағы да қайталаған. Алайда қоңырау шалушы оның дереу жетуін талап ете берген соң, шыдамы таусылған Лұқпан оны «белгілі бір жерге жіберіп», әңгімені үзіп жіберген.
«Әділ сөздің» түсініктемесі:
Билік өкіліне тіл тигізу дегеніміз, жағымсыз формада балағаттауды білдіреді, ал балағаттау деген, ең алдымен, былапыт сөздердің көмегімен белгілі бір адамға (билік өкіліне) теріс баға беру. Баға беру, өз кезегінде, адам туралы өз пікіріңді білдірудің формасы. ҚР ҚК-нің 320-бабына (қазір ол 378-бап – «Билік өкіліне тіл тигізу») берілген түсініктемеде (И. Борчашвилидің редакциясымен): «тіл тигізу дегеніміз, жәбір көрген адам туралы әдепсіз формада теріс пікір білдіру болып табылады» деп көрсетілген.