Премьер-министрдің баспасөз қызметінің алдында телефондардың не жазығы бар?
20 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысына (СҚО)ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келгенде журналистердің телефондарын тартып алды.
Бұл оқиға – премьер-министрдің тасқынға қарсы шараларға қатысты өткізген кеңесі қарсаңында, Петропавл қаласының шет жағындағы Заречный поселкесіндегі №13 мектеп ғимаратында орын алды. Кеңеске сол елді-мекеннің тұрғындары да шақырылған. Ал БАҚ өкілдері кездесуге – шара басталардан бір сағаттан астам уақыт бұрын келіп алған.
СҚО әкімі аппаратының инспекторы Данияр Исаев қатармен жүріп, бәріне: қалта телефондары барлар өз еріктерімен сыртқа шығып, телефондарын тапсырып келуді ұсынып жатты. Данияр Исаев өз іс-әрекетін ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің талабы деп түсіндірді.
Журналистердің: «біз телефондарымыздың дыбысын өшіріп тастаймыз. Біз оларды диктофон мен фотоаппарат ретінде пайдаланамыз» деген сендірулері мен өтініштері көмектескен жоқ. Содан кейін журналистер өздерінің мобильді құрылғыларын өткізуге мәжбүр болды, себебі Данияр Исаев күзетті шақыруға кеткен.
Нәтижесінде, журналистердің көбісі осы шарадан диктофондық жазба жасай алмай және суретке де түсіре алмады. Сондықтан олар стационарды диктофондарын бірге алып келген облыс әкімінің баспасөз қызметінде және Аймақтық коммуникация қызметінде жұмыс істейтін әріптестерінен көмек сұрауға мәжбүр болды.