Сәтбаев қаласында журналистер Берік Жағыпаров пен Асқар Қошанов тұтқынға алынды
13 шілдеде Сәтбаев қалалық соты Берік Жағыпаров пен Асқар Қошановты ҚР ӘҚБтК-тің (КоАП) 434-бабы 3-тармағы бойынша «Ұсақ бұзақылық» жасады деп 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сотқа қатысқан құқық қорғаушы Құдайберді Оспанов пен журналист Андрей Цукановтың айтуларынша, 11 шілдеде журналистер Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендинаның азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауына келіп, алкогольдік ішімдіктердің сағат 23.00-ден кейін сатылу фактілері туралы журналистік сұрақтар қояды. Әкімінің орынбасары «мәселені реттейміз» деп уәде беріп, БАҚ өкілдерін кабинеттен шығуды сұрайды.
Кенеттен арнайы іс бойынша инспектор А. Шалқарбаева кабинетке баса-көктеп кіріп келіп, Жағыпаров пен Цукановқа қол жұмсап, олардың бейнекамерасын тартып алып, оны терезеден лақтырып жіберуге тырысты. Жанжал қабылдау бөлмесінде жалғасты. Журналистер камераны аман сақтап қалды, бірақ оның есесіне дене жарақаттарын алып, «жедел жәрдем» шақыруға мәжбүр болды.
Әкімінің орынбасары А. Төлендина «Ұсақ бұзақылық» жасалды деп жергілікті ішкі істер бөліміне (ІІБ) арыз түсірді. Сәтбаев қалалық сотының биі С.Т.Исабаев журналистердің кінәсіз екенін дәлелдейтін және жанжалды кім бастаған көрсететінін бейнематериалдарды, сондай-ақ басқа да айғақтарды іске қосуды сұраған өтінішті қанағаттандырмай, жағдайды жеңілдететін себебептер жоқ деп санады.
Қаулы жариялана салысымен журналистерді бірден тұтқынға алды.