Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жаңа конкурс: мұндай заң кімге керек?

10 шілде 2017

БАҚ туралы заңға енгізетін жаңа түзетулер жобасының таңдаулы жерлерін назарларыңызға ұсынамыз

10.07.2017

Қымбатты әріптестер,

назарларыңызға БАҚ туралы жаңа заңға енгізетін түзетулер жобасының таңдаулы жерлерін ұсынамыз:


«2-бап. Сөз бостандығы, ақпаратты алу және тарату тәртібі

«Осы Заңның мақсатында: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыру үшін, ал кейде саналы түрде бұрмаланған пікір қалыптастыру үшін осы Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуды және (немесе) адамдарды құқыққа қарсы әрекеттерге және (немесе) оларды әрекетсіздікке итермелейтін ақпараттарды, көзқарастарды, фактілерді, дәлелдерді және басқа да ақпараттарды таратуды насихат деп түсіну керек»;

18-бап. Ресми хабарламалар

Бұқаралық ақпарат құралдарының ресми хабарламаларды түсіндіруді сұраған жазбаша өтінішіне – сол ақпараттың иесі өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен тәртіпке сәйкес жауап беруге, немесеберу мерзiмiн я болмаса бермеу салдарын көрсете отырып, жауап беруге мiндеттi. 

18-1-бап. БАҚ-тың ақпаратты алу және тарату тәртібі

1. Уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралы ақпарат иеленушіге ресми хабарламаға кірмейтін ақпаратты ұсыну туралы сұрау салумен жүгінуге құқылы.

Сұрау салуға жауап – сұрау келіп түскен күннен бастап күнтізбелікон бес күннің ішінде беріледі

19-бап. Теріске шығару немесе жауап беру құқығы

3. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтарына я болмаса заңды мүдделеріне қысым жасайтын мәліметтерді жарияласа, ол адам, я заңды тұлға сол бұқаралық ақпарат құралында өзінің жауабын тегін жариялауға құқылы.

Азаматтың немесе заңды тұлғаның жауабы осы тұлғадан не оның уәкілетті өкілінен алынатын жауапқа құқықты беру туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе беріледі.

21-бап. Журналистің міндеттері

Журналист міндетті:

3-1) егер мәліметтер ресми хабарламаларда көрсетілген және (немесе) адамның өзі немесе оның заңды өкілі қолжетімділігі шектелмеген көздерде оларды таратқан жағдайларды қоспағанда, адамның немесе оның заңды өкілінің бұқаралық ақпарат құралдарында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны таратуға келісімін алуға».

          

(Заң жобасының толық мәтінін мынан қараңыз.  http://www.adilsoz.kz/bill/show/id/28 )


Сіз қалай ойлайсыз, бұл нормалар журналистикаға және қоғамға не береді? Кімге олардың пайдасы тиеді?

Түрлі дыбыстық-бейне формаларда түсірілген сіздердің пікірлеріңізді тосамыз. Олар жан-жақты жарияланады. Ең таңдаулылары сыйлықтармен атап өтіледі.

Қыркүйекте депутаттар осы заң жобасымен жұмыс бастауы тиіс. Міне солар журналистік қауымдастықтың бұған қалай қарайтынын білсін.


Өз шығармаларыңызды мына адреске жолдаңыздар: info@adilsoz.kz . сұрақтарыңызды да сол адреске немесе мына телефондарға жолдаңыздар: +7 7272 91 04 37; +7 707 700 1322

Өз сұрағыңызды қойыңыз