Шағымданасың ба? Онда сотқа жүр!
№2 Атырау қалалық сотында жала жабуға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Атырау облыстық денсаулық сақтау комитетіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Сүлеймен Әубекеров қоғамдық белсенді Гүлзада Есмурзиева «мен туралы ауыр жемқорлық қылмыс – пара алуы мүмкін деген күдік білдіріп, анықталмаған мәліметтерді таратып, мені жаман атқа қалдырды» деп айыптап отыр.
Оған басқы себеп болған нәрсе: Г.Есмурзиеваға «Достармед-Атырау» клиникасында дұрыс диагноз қойылмай және дұрыс ем жасалмаған. 2017 жылы сәуір айында ол осыған орай қала прокуроры Р.Б. Құттықовқа шағымданған, бірақ ол, өз кезегінде, шағымды денсаулық сақтау департаментіне жолдаған. Құрамына бас маман С.Әубекеров және маман Г.Қаиралиева кірген комиссия: Г.Есмурзиеваның шағымы негізсіз деген қорытындыға келеді. Гүлзада бірақ мұндай қорытындымен келіспей, облыс прокуроры Г.И.Тоғызбаевтан басқа тәуелсіз тексерушіні тағайындауын сұрап арыз жазады. Осы жолғы шағымында ол: «пара алды деген менің күдігім күшейе түсті» деп жазған. Оның ресми тұлғаға жазған шағымындағы болжамы – «жала жапты» деген айып тағуға әкеп соғып отыр.
Мұндағы ескеретіні: жеке айып бойынша сотқа арыз түскен кезден екі күн өткен соң, Гүлзада Есмурзиева облыс прокурорының көмекшісі Е.Еділбаевтан ресми хат алады. Онда ол: айыпталушы талап еткендей, қайта тексеру жүргізілген кезде медициналық қате жіберілгені расталып, мекеме жетекшісіне ұйғарым шығарылды, ал дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазылған.
Соттың келесі отырысы 13 шілдеде өтеді.