Алматының аудандық соты Ratel.kz мен Forbes.kz сайттарына шағымданған тағы бір талап-арызды қанағаттандырды
Алматының Медеу аудандық соты «К-Дорстрой» АҚ-ның бас директоры Валерий Лазаревтің Фирма «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентовтің, Ratel.kz интернет-порталының шығарушысы «ИТАЮ» ЖШС-ның, журналист Геннадий Бендицкийдің, Forbes.kz сайтының шығарушысы United Media Group ЖШС-ның және басылымның бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтың үстінен берген талап-арызын ішін-ара қанағаттандырды.
Талапкер 14 мақаланы шыныдққа сай келмейді деп тануды және оларды жоққа шығаруды, сондай-ақ сол 14 мақаланы сайттардан алып тастауды соттан сұрады, ал олардың 7-уі Forbes.kz, тағы 7-уі Ratel.kz-да жарияланған.
Бұдан тыс В. Лазарев өзіне келген моралдық нұқсанды 10 млн теңгеге бағалап, соны жауапкерлердан өндіріп беруді талап етті.
Сот: жауапкерлерді 1 000 000 теңгені бірлесіп төлеуге және талапкер айтқан мақалаларды шындыққа сәйкес келмейді деп таныған шешім шығарды.
4 сәуірде Алматының Медеу аудандық соты экс-қаржы министрі мен оның ұлы: Ratel.kz интернет-порталын және Forbes.kz журналын сотқа берген талап-арызы бойынша шешім шығарып, жауапкерлерді 50 млн 200 мың теңге төлеуге міндеттеген болатын; оның 27 млн 900 мың теңгесін – Зейнұлла Кәкімжановтың пайдасына, ал 22 млн 300 мың теңгені Ильхалид Кәкімжановтың пайдасына. 8 маусымда апелляциялық алқа бұл шешімді күшінде қалдырды. Соттың бұл шешімін заңсыз және сөз бостандығына кедергі келтіреді деп санаған көптеген қоғам қайраткерлері журналистерге қолдау білдірген болатын.
Бұдан тыс, 2017 жылдың ақпан-сәуір айларында Ratel.kz мен Forbes.kz. сайтарының жарияларымында сөз болған компаниялар мен олардың жетекшілерінен көптеген миллион соманы талап еткен үш талап-арыз Алматының Медеу аудандық сотына түскен болатын.