Қарағанды облысында малдың жаппай қырылуына қатысты сюжет түсіргісі келген 101 TV телеарнасының журналистеріне кедергі жасауға тырысты
12 маусымда Қарағандының 101 TV қоғамдық интернет-телевидениесі малдың жаппай қырылуына қатысты сюжет түсіруге Мыңбаев ауылына шығады. Алайда полиция қызметкерлері ауылды айналдыра қоршап алып, журналистерді ішке кірзібеді.
Телеарнаның редакциясы хабарлағандай, тілшілер, бәрібір, ауылға кіріп, сюжет түсірген.
«Полиция қызметкерлері ауылды айналдыра қоршап алып, журналистерге кедергі келтірген. Бірақ, нәтижесінде, біздің тілшілер, бәрібір, ауылға кіріп, керек сюжетін түсірген. «Малдың жаппай қырылуына байланысты Мыңбаев ауылына кіруге шектеу қойылған» деп бізге хабарлады. Алайда не облыстық әкімдік, не мал дәрігерлік қызмет бұған түсініктеме бере алмады», - деп хабарлады редакция.
7 маусымда осы ауылдағы малдың жаппай қырылуына қатысты сюжет телеарнадан көрсетілген болатын. Онда Нұра ауданында 25 бас ірі қара мал өлгені және 50 бас – ауру екені айтылған. Оның себебі пастереллез деп ресми түрде алдын ала хабарлаған. Алайда ауыл тұрғындарының пікірінше малдың өліміне кінәлі – аусыл (ящур) ауруы.
Сол жолы да журналистерге түсірілім жасауға кедергі келтірген. Телеарнаның хабарлауынша, «Мыңбаев ауылының әкімі Жанат Әшімов және учаскелік полиция қызметкері өлген малды түсіруге тырысқан бір телеарнаның операторана шабуыл жасай жаздаған».
Дегенмен, журналистер өзінің заңды қызметіне кедергі жасауға тырысып жатқанына қарамастан, жағдайды бақылап отыр.