Лұқпан Ахмедияровқа қоқан-лоқы көрсеткен баспасөз хатшысы қызметінен босатылды
WhatsApp мессенджерінде журналист Лұқпан Ахмедияровпен жеке хат алмасқан Батыс Қазақстан облысы (БҚО) Ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Ақболат Қатешев жұмыстан шығарылды.
- Біздің редакциямыздың жұмыс поштасына БҚО ІІД бастығының орынбасары Бағдар Әбуов қол қойған ресми хат келіп түсті, - деп хабарлады Ахмедияров. – Хатта менің Ақболат Қатешевке қатысты жолдауыма орай қызметтік тексеріс жүргізілгені айтылған. Ал Қатешев болса, БҚО ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметкерлеріне «Бауырым, сен кімнің босағасында отырғаныңды ұмытқан сияқтысың. Селекционныйда. Есіңе қайта салу керек пе?» - деген сөйлеммен ол Лұқпан Ахмедияровқа 20.04.2012 жылы түнде Селекционный поселкесінде жасалған қастандықты ашу кезінде полиция қызметкерлері Л. Ахмедияровтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыскерлерді ұстағанда тек заңды әрекеттер жасағанын айтқысы келген.
Соған қарамастан, хатта ІІД басшылығы журналистің хабарламасын ескеріп, Ақболат Қатешевпен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылдғанын жеткізген.
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровқа А. Қатешевтен түскен қоқан-лоқы туралы «Әділ сөз» 17 мамырда хабарлаған.