Лұқпан Ахмедияров БҚО ІІД қызметкері қоқан-лоқы көрсетті деп шағымданды
Журналистер мен Батыс Қазақстан облысы (БҚО) баспасөз қызметтері бір бірімен хабарласып тұратын WhatsApp-тың ортақ чатына «Уральская неделя» газетінің редакторы Лұқпан Ахмедияров облыстық үш мекеме басшысының атына: денсаулық сақтау басқармасына, дене шынықтыру және спорт басқармасына, сондай-ақ ішкі істер департаментіне (ІІД) 15 мамырда дауыспен сыни тұрғыда хабарлама жіберген. Ахмедияров: осы басшылармен кездесу үшін себептер жетіп артылып жатса да, олар баспасөз үшін мүлдем жабық екенін айтқан.
Оған жауап ретінде БҚО ІІД баспасөз хатшысы Ақболат Қатешев осы ортақ чатта Лұқпан Ахмедияровқа қатысты агрессиялық айыптауларға жол беріп, «личикаға» ауысайық деп ұсыныс жасаған.
Лұқпан Ахмедияровтың айтуынша, ол Ақболат Қатешевпен хабар алмасқанда баспасөз хатшысы оған былай деп жазған: «Бауырым, сен кімнің босағасында отырғаныңды ұмытқан сияқтысың. Селекционныйда. Есіңе қайта салу керек пе? (Селекционный поселкесі – Орал қаласындағы Л. Ахмедияров тұратын аудан – А.С. ескертуі).
Лұқпан одан: «Бұны қалай түсінуге болады? Сен Деркулдың қожайынсың ба? Сенің үйіңде тұрам ба әлде?» деп сұрайды.
– Мен одан нені меңзеп тұрғанын сұрадым, егер мен оны дұрыс түсінсем, Селекционныйда маған жасалған қастандық оқиғасын еске салғысы келіп тұрған сияқты. Бірақ ол маған түсінік беруден бас тартты, – деді Лұқпан Ахмедияров. – Бірақ менде БҚО ІІД баспасөз хатшысымен ешқандай жеке және – одан бетер – материалдық ортақ мүдде болған емес, сондықтан мен оның сөздерін: егер мен ІІД басшылығының атына сын айтуымды жалғастыратын болсам, менімен «бірдеңе» болатынын ескертіп, тікелей қоқан-лоқы көрсету деп түсінем. Мәселен, кезекті қастандық...
Лұқпан Ахмедияровтың айтуынша, ол өзінің Ақболат Қатешевпен хабар алмасқан скриншотты: жағдайға түсініктеме беруді сұрап ҚР ІІМ-нің электронды адресіне салып жіберіпті.